CaspianLife, 11 сәуір — Енді жер телімін алу үшін кезекке онлайн тұруға болады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға әкімдікке бармай-ақ, egov.kz арқылы кезекке тұра аласыз. Тіркелу бар болған 5 минутты алады. Сонымен қатар, сіз онлайн режимінде арыздың статусын қадағалап, деректеріңізді жаңарта аласыз.
Тек электронды цифрлық қолтаңба қажет болады. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, жер телімін алу кезегін цифрландыру сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою жолындағы үлкен қадам. Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөліміне өтесіз, содан кейін «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін қарау немесе тіркеу » қызметін таңдау қажет.