CaspianLife, 5 сәуір — Атырауда жыл басынан бері көлік тізгіндеген 15 жасөспірім анықталған.
3 сәуір күні сағат 15:29 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері әкімшілік аумақты қарау барысында Тайманов көшесі бойымен Lada granta автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқанын анықтап, Батыс-25 қызметкерлеріне бағыттама берген. Аталған автокөлікті полицейлер Сәтбаев көшесі бойынан тоқтатып, тексеру барысында көлік жүргізушісінің 18 жастағы жасөспірім екендігі белгілі болған.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, барлығы 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.