CaspianLife, 18 наурыз — Құрманғазы ауданының бір топ балықшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар шенділерге үндеу жолдады.
Төмендегі бейнежазбадан балықшылардың жеңіл қайықтармен теңізге шыға алмай жүргенін көруге болады. Өйткені Қиғаштың Каспийге құяр жері тартылып кеткен. Айтуларынша, бұған дейін республикалық бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлініп, бұл жерлерде тереңдету жұмыстары жүргізілген көрінеді.
«Бұл аймақта тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы мәселе жыл сайын көтеріледі. Бірақ нәтиже жоқ», — дейді балықшылар. Каспий теңізінің деңгейі төмендеген сайын жағдай нашарлап барады. Өзен бойын жағалай орналасқан ауыл тұрғындары балық аулап нәпақасын тауып отыр. Мұндағы бір кооперативтің өзінде 3000-нан астам адам жұмыс істейді.
Құрманғазы ауданының кәсібі, ата кәсібіміз бұрыннан келе жатқан, балық шаруашылығы, соның құруы алдында тұрмыз енді. Балық сұраймыз балықшылардан. Балық қайдан болсын, су жоқ. Жылма-жылға су азайып, күрт өзгеруге байланысты, Ресей бермегендіктен су азайып бара жатыр. Сол себептен балықшыларымыз балық аулай алмай жатыр. Аулаған күнде де ауға түскен балықтарын тасымалдап әкеліп, балық қабылдайтын орынға жеткізе алмайды, — дейді «Амангелді» ЖШС Құрманғазы ауданындағы тартым учаскесінің жетекшісі Өскенбай Салимов.
Балықшылар аулаған 100-200 кг балықтарын қабылдайтын орынға өздері арқалап тасып, ал қайықтарын жағаға итеріп әрең жеткізеді.
Бүгінгі балықшылардың жұмысы осы. Қайықты итеріп кіргізеді, итеріп түсіреді. Бұлай жалғаса беретін болса жағдай өте қиын болады. Экологичская катастрофа деп айтуға боладыСондықтан кемінде 20-30 км теңізге жоқ дегенде 2-3 жерден выходты ашу керек
Бұл жағдайда тек тереңдету жұмыстары ғана көмектесетіні анық. Ал оны Каспий теңізі деңгейінің құбылмалылығын ескере отырып іске асыру керек. Тек сонда ғана балықшылардың теңізге қайықпен кедергісіз шығуын қамтамасыз етуге болады. Ал жұмыстарды қазір бастаған маңызды. Әйтпесе, құрманғазылық балықшылардың күзгі балық аулау маусымын босқа өткізулері мүмкін.