CaspianLife, 3 наурыз — Ақтауда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдар аралығында аталмыш ұйым азаматтарды тұрақты сыйақы береміз деп сендіріп, жарналарды қабылдаған.
«Шындығында компанияның заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табысы болмаған, қатысушылардың сыйақысы кейінгі салымшылардың есебінен жүргізілген. Осы қылмысты жасады деген күдікпен World Business Consulting компаниясының директоры Жеміс Жүгінбаева ұсталды. », — деді ҚР Қаржы мониторингі Агенттігі.
Агенттік былтыр осы қаржы пирамидасының Алматы қаласынан анықтап, жолын кескен болатын.
World Business Consulting салымшыларынан Маңғыстау облысы бойынша ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің департаментіне +7 7292 40 36 59 немесе 8-706-419-76-79 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады.