CaspianLife, 23 ақпан — «Қашаған» кен орнынан экспортқа 5 млн тонна күкірт жіберілді.
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кенорнынан экспортқа 5 млн тонна күкірт жіберілді.
Аталған кен орны Атырау қаласынан 80 шақырым қашықтағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Кен орны 2000 жылғы 30 маусымда «Восток-1» ұңғымасымен ашылды. Бұл соңғы 40 жыл ішінде ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірінен саналады. Кен орнын өнеркәсіптік өндіру үшін жасанды аралдар тұрғызылған.
Ал, мұнай өндіру 2013 жылғы 11 қыркүйекте басталды. Кен орнын Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы игеріп жатыр.
Солтүстік Каспий жобасы үшін күкіртті газды өңдеу, сонымен қатар, күкірт өндіру процесін қауіпсіз және тиімді түрде басқарудың маңызы зор. Кен орнында күн сайын 4 мың тоннаға жуық күкірт өндіріледі. Қашағанды игеру басталғалы бері экспортқа 5 млн тонна күкірт экспортқа жөнелтілді. «Қашаған» кен орнының күкірті теміржол желісі арқылы халықаралық терминалдарға тасымалданады», -деп хабарлады NCOC компаниясының баспасөз қызметі.