CaspianLife, 14 ақпан — «Қазгидромет» 15-17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің солтүстік аймақтарында күн ашылғанымен, түнгі уақытта төменгі температура сақталады. 15 және 16 ақпанға қараған түні термометр бағандары 18-23 градус, ал кей аймақтарда 27 градус аязды көрсетеді.
Шығыс және оңтүстік-шығыста антициклон ығысуы салдарынан 17 ақпанда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бұл күндері түнгі ауа температурасы республиканың шығысында 25-30 градусқа, оңтүстік-шығыста 20-25 градусқа дейін төмендейді.
Фото: Tengrinews.kz