CaspianLife, 11 ақпан — Атыраудағы «Нефтестройсервис» компаниясының 40-тан астам жұмысшысы жалақыларын 50 пайызға көтеруді талап етті.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін олардың айтуынша, айына бар жоғы 220 мың теңге айлық алады. Сол табыспен 60 күн жан бағуға тырысады.
Көтереміз, көтереміз дейді көтермейді. Нарық күннен күнге өсіп жатыр жетпейді.Бір қап ұнымыз 10 мың теңге. Үйге бірдеме апарғымыз келеді.Апара алмаймыз. Неге? Айлық жетпейді. Кетуге жолымызға ақшаны әрең табамыз, — дейді “Нефтестройсервис ЛТД” ЖШС қызметкері Тоқтар Бақбергенұлы
Трубомонтажда сағатына біздер 750 теңге. Түсіп кетпесе, көбейіп жатқан жоқ. Қазақтың жігіттері кішкентай зарплатқа күн көрінеді. Украинадан келген инностранстар бар. Біз істеп жатқан жұмысты оларда істейді. Әділдік қайда? Неге олар 900 мың, миллионға дейін табады. Өзімнің істеп келе жатқаныма 15 жыл болды. Қосылғаны ең көп 40 теңге болар, -дейді қызметкер Асылан Мұхамедияров
Наразылыққа шыққан топ АМӨЗ аумағында құны 2 млрд 600 миллион теңге болатын жобада жұмыс істеп жатыр. Мекеме басшылары компанияның бұл жұмысшылармен 2 жыл бұрын келісім шартқа отырғандарын және сол бойынша жалақы төлеп отырғандарын айтады. Оған сенсек, мекеме айлықты көбейтпек түгілі шығынға батыпты.
Еңбекақыны біздер көтере алмаймыз. АНПЗ тарапынан да көтере алмайды. НСС-тің тарапынан да көтере алмайды. 1 процентте ешқандай көтере алмаймыз, — деп жауап берді «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС директоры Рашид Отаров
Бүгін жұмысқа шықпаған топ айлықты көтермесе орнымызды босатамыз деп сес көрсеткенімен бұған басшылар пысқырмады да.
Сен өз еркіммен жұмыстан шығамын деп арыз жазасың. Мен өз еркіммен жұмыстан шығарамын. Сендер кетіп қалды екен деп мекеме қисайып қалмайды.Вахатаның бітуіне 2-3 күн қалды. Жаман аттаспай бітіріп кетулерің керек еді, — деді жұмысшыларға Рашид Отаров
Құрылыс және мұнай саласындағы мекемелерге қызмет көрсететін компанияда қазіргі кезде 6300- астам адам еңбек етіп жүр.