CaspianLife, 28 қаңтар — 2025 жылға дейін Атырау облысында 27 елдімекен ауызсумен қамтылатын болады деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда
мұнайлы өңір 99%-ға ауыз сумен қамтылған.
«Аймақтың кешенді даму бағдарламасы аясында, биыл 16 елдімекенге су жүргізу аяқталады. Келесі жылы тағы 6 елдімекенге ауыз су жеткізіледі. Қалған 9 елдімекенді сумен қамту 2025 жылға дейін жүзеге асады» деп нақтылады спикер.
Еске сала кетелік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен
былтыр «Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы» қабылданды.