CaspianLife, 27 қаңтар — «Хабар» агенттігі «Трагический январь. Как это было» деректі фильмін көрермен назарына ұсынды. Аталған фильмде биылғы жылдың қаңтар айында елімізде орын алған тәртіпсіздіктің толық хронологиясы көрсетілді.
Деректі фильмде ұсынылған деректерге сай, елдегі тәртіпсіздіктер кезінде «Йакын Инкар» радикалды ұйымының жақтастары ұсталған. Олардан қару-жарақ, оқ-дәрі, гранаталар, патрондар, діни брошюралар тәркіленген.
Айта кету керек, аталған ұйымға Қазақстанда 2018 жылдан бері тыйым салынған.
Бас прокуратура «Йакын Инкар» елімізде тыйым салынған «Таблиги Джамаат»-тың еншілес ұйымы деп түсініктеме берген болатын. Аталған қозғалыстардың мақсаты — билікті мәжбүрлі түрде құлатып, Конститутиция мен қолданыстағы заңдарға бағынбай, «халифат» құру.