CaspianLife, 13 қаңтар — Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің жауынгерлері қала әкімдігін бұзақылардан қорғады. Қақтығыс барысында аталған әскери бөлімнің 28 жауынгері жарақат алған. Солардың бірі — қатардағы Диас Самат. Ол жаппай тәртіпсіздік басталған күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып, алдыңғы қатарда тұрды.
Бастапқыда барлығы бейбіт шеру ретінде басталды. Бізге күш қолданбау туралы бұйрық берді. Өйткені, ондағы адамдар бейбіт тұрғындар. Біз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметті қамтамасыз етіп сапта тұрдық. Бір кезде топ ішінен жас жігіттер шығып, бізге шабуыл жасады. Қолдарына түскен заттың барлығын лақтырды, арматура, тас, кейде газ баллондары да іске жұмсалды. Мен арттағы қарулас достарымды қорғап тұрғанмын. Қорғаныш қалқаны төмен түсірген сәтте ауыр зат ұшып келіп оң бетіме тиді. Барлығы бірін – біріп итеріп, қатығыс, төбелес басталды. Менің оң бетім толықтай қанады. Сонда да, достарымды тасмадым. Күшім жеткенше, қызметімді атқардым, — деп есіне түсірді жас сарбаз.
Жас сарбаз Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданынан Ұлттық ұлан қатарына шақырылды. Бүгінде ауруханаға жатқызылды. Жағдай қалыпты. Жуырда емделгеннен кейін, әскери қызметіне қайта оралады. Бар тілегі ел амандығы, тыныштық орнату міндеті.
Жалпы Алматы, Шымкент қалаларында және басқа да облыс орталықтарында құқықтық тәрітіпті қамтамасыз етуде бұзақы топпен қарсыласудың нәтижесінде жарақат алған Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің саны 394 адамға жетті.
Бұдан бөлек, жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 90-нан аса әскери техникасы сынды.