CaspianLife, 12 қаңтар — Атыраулық полицейлер облыс орталығында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде әскерилер мен полиция қызметкерлеріне күш қолданып, қорғаныс құралдарын иемденген бұзақыларды ұстауда.
Олардың бірі бұрын заңсыз әсері жоғары психотропты дәрілерді сатып алғаны үшін жауапқа тартылған 1997 жылы туылған қала тұрғыны. Оның үйін тінту кезінде 3 дана әскерилердің оқ өткізбейтін бронды жилеттері тәркіленді. Ал, жаппай тәртіпсіздікке қатысты ұсталған 1991 жылғы күдіктінің үйінен атыс қаруы тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.