CaspianLife, 11 қаңтар — Шетелден жеткізілген көліктің утилизациялық алымдарын жекеменшік компания алатын және оның құны өте қымбат болатын.
Бұл туралы бүгін Парламент отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
Айта кетейік, бұған дейін шетелден жеткізілген көліктің утильалымдарын жекеменшік компания алатын және оның құны өте қымбат болатын.
Президент утилизациялық алымдарын енді мемлекет жинайтынын және оның құны қайта қаралатынын мәлім етті.
«Оператор РОП» деп аталатын компанияның жұмысына қатысты сұрақ көп. Тіпті, оның қызметіне қарсы бір қоғамдық қозғалыс құрылғаны да белгілі болды. Мен үкіметке «Оператор РОП» компаниясының утильалымдар алуын және утильалымдарға қатысты қызметін тоқтату туралы тапсырма беремін. Бұл жұмысты шетелдегідей мемлекекеттік орган атқаруы керек. Ал алымдардың құнына келсек, ол қайта қаралуы керек», — деді Тоқаев.