CaspianLife, 31 желтоқсан — «Қарабах» (Әзірбайжан) паромының 40 жастағы бортмеханігі Қарақиян облысының Жыланды тау ауданына жақын маңда теңізге секіріп кетті.
Ер адамның соңынан құтқару шеңбері суға лақтырылып, іздеу жұмыстары жүргізілген.
28 желтоқсан күні сағат 19:20-да бортында 33 вагоны бар «Қарабах» паромы Алят портынан Қазақ Құрығына шықты. Алайда 29 желтоқсан ауа райының қолайсыздығына байланысты кеме порт жолына барған.
Желтоқсанның 30-ы күні таңертең 40 жастағы Захир Мастиев кемеге зәкір қою кезінде паромнан секіріп кеткен.
Паром экипажының айтуынша, механик отбасындағы қиындықтарға шағымданып, оны ауыстыруды сұраған. Алайда механикті ауыстыру мүмкін болмапты.
Теңізшіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр.