CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырау облысы Жылыой ауданында мас әйелдер жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтап тастаған.
39 жастағы әйел ауыл халде, ауруханаға түскен. Оған операция жасалды. “Науқастың жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр”, — дейді аудандық ауруханадан.
Оны пышақтаған 31 жастағы әйел қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.