CaspianLife,19 қараша – Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцинаның І және ІІ компонентіне арналған дозалары бүгін, 19 қарашада облыстық фармацевтикалық қоймаға жеткізілген.
«Атырау облысына 9 қарашада вакцинаны сақтауға арналған екі мұздатқыш әкелінген болатын. Енді бүгін Pfizer вакцинасын егу басталады. Вакцина алдын ала берілген тізімге сәйкес ерікті түрде салынады. Бұл вакцинаны алу үшін тұрғылықты мекен-жайына байланысты тіркелген емханаға жүгіну қажет», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Атырау облысында Pfizer вакцинасын 76 мың адам салдырады деп жоспарлануда.