CaspianLife,10 қараша – Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны 393 келі балықты «Тoyota Ipsum» көлігімен заңсыз тасымалдаған.
«Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» профилактикалық іс-шарасы кезінде «РФ шекарасы-Атырау» тас жолының бойында Армения Республикасына тіркелген «Toyota Ipsum» маркалы көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 393 келі қара балық түрлері табылып, тәркіленді. Құрманғазы ауданының 28 жастағы тұрғыны осыншама балықты заңсыз жолмен Атырау қаласына жеткізбекші болған», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 389-бабымен толтырылған әкімшілік хаттама заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.