CaspianLife, 5 қараша – «Маңғыстаумұнайгаз» үш жылда мемлекеттік сатып алудың 91,6%-ын «бір көзден» жүргізді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тексеріс нәтижесінде компанияға бір көзден сатып алуды барынша азайтып, сатып алуды жоспарлауды ұйымдастыру және тиісті үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетейік, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымдарының бірі.
Фото:facebook.com/mmgpress