CaspianLife, 28 қазан – Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау жұмыстары барысында бес адам жараланды.
Оқиға 2021 жылғы 27 қазанда болған. Ведомство мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонында бес әскери қызметші жараланған.
«Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр», — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, аталмыш дерек бойынша тексеру жұмыстары басталған.