CaspianLife, 26 қазан – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚА) Қазақстандағы такси қызметін ұсынатын компанияларды тексеруді бастағанын мәлімдеді.
«Бағаға мониторинг жасау, талдау және осы нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау бойынша жұмыс басталды. Нарық субъектілерінен көрсетілген қызмет көлемі мен қолданатын тарифтер, жолаушыларды тасымалдау қызметі бойынша мобильді қосымшаны пайдалану кезінде алынатын комиссия мөлшері туралы ақпарат сұралды», — деп хабарлады ведомстводан.
Агенттік нарықта бәсекелестікті қорғау бойынша заңнама сақталмағаны анықталған жағдайда монополияға қарсы іс-шаралар қабылданатынын мәлімдеді.