CaspianLife, 19 қазан – Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.
Оған 84 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды. Қайрат Нұрлыбаев 2019 жылы ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» кооперативіне инвестициялық субсидиялау келісімшартын жасап, қомақты ақша бөлген. Облыстық әкімдіктің ресми жауабына сүйенсек, «Бұйырғын» кооперативі 83,7 млн теңгені мемлекетке толықтай қайтарыпты.
Естеріңізге салайық, Қайрат Нұрлыбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына 2021 жылдың қаңтар айында тағайындалды.