CaspianLife, 18 қазан – Қайғылы оқиға «Бейнеу-Боранқұл» тасжолында болған.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қазан күні сағат 00:30 шамасында Бейнеу полиция бөліміне «Бейнеу-Боранқұл» тасжолындағы жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен. 1949 жылы туған жүргізуші «ГАЗ-3110» автокөлігімен келе жатып, жолға атып шыққан түйені қағып кеткен.
«Нәтижесінде бір жолаушы жарақат алған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында қайтыс болған»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Полицейлер жол көлік оқиғасына себепші болған түйеге жарық беретін лента және құлағына сырғасы тағылмағанын анықтады. Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайлары анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды.