CaspianLife, 5 қазан – Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды.
Кешенді жоспардың жобасын ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев таныстырды.
«Кешенді жоспар 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады. 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде Оның ішінде республикалық бюджеттен 338,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 118,3 млрд теңге, сондай-ақ жеке инвестициялардан 1,6 трлн теңге», — деді министр.
Ведомство басшысының айтуына қарағанда, кешенді жоспар аясында Жаңаөзен мен Ақтау теңіз портын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру көзделіп отыр.
«Өнеркәсіпте Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, арнайы экономикалық аймақ – Ақтау теңіз порты аумағында каостикалық сода құрамында сода құрамындағы хлор бар қнім өндіру зауытын салу, химреагенттерді трансформаторларды және т.б. өндіру бойынша 21 жобаны іске асыру көзделеді», — деді Әсет Ерғалиев.