CaspianLife, 30 қыркүйек – Бұл туралы өңірдің қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева мәлім етті.
«Өңірде 10 дана жұмыртқа бағасы 380 теңгеден 400 теңгеге дейін қымбаттады. Жұмыртқа бағасының өсіуіне байланысты тексеру жұмысын жүргізу үшін Маңғыстау облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне хат жолданды», — деді Жанна Тоқбаева.
Маңғыстауда жыл басында облыста жұмыртқаның бағасы күрт өсіп, 540 теңгеге дейін жеткен. Қазіргі таңда басқарма тарапынан азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыстағы ірі сауда желілерімен азық-түлік бағасын төмендету және ұстап тұру туралы меморандумдарының мерзімі ұзартылды.