CaspianLife, 20 қыркүйек — Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында Маңғыстау облысына мал азығын жеткізуге жеңілдетілген тарифтер енгізіледі. Орташа алғанда, жеткізу төрт есе арзан болады. Маңғыстау облысы әкімдігінің сұрауы бойынша «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ сондай шешім қабылдады, деп хабарлайды өңірдің баспасөз қызметі.
«ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС – «Маңғыстау ММ бөлімшесі» филиалының станциясында тағайындалумен республикалық қатынаста әмбебап меншікті вагондарда құрама жемді, бидай кебегін, арпаны, астық қалдықтарын, жемшөп шротын, күнжараны, жемшөп ұнын, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын тасымалдауды жүзеге асыру кезінде 20 қыркүйектен бастап мынадай тәртіппен тасымалдау ақысы есептеледі:
— магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтері ҚР Табиғи монополияларды реттеу Комитеті белгілеген есептеу тәртібіне сәйкес толық көлемде есептеледі;
— локомотивтік тартым қызметтерінің тарифтері және жүк және коммерциялық жұмыс қызметтерінің тарифтері 0,01* коэффициентін қолдана отырып, тарифтік басшылықта белгіленген есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі;
— «Қазтеміртранс» АҚ вагондары үшін операция мөлшерлемесі 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;
— тарифтік басшылықта белгіленген жүктерді тасымалдауға байланысты қосымша қызметтер үшін алымдар 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі;
— магистральдық, станциялық жолдардағы қарапайым жеке вагондар үшін төлем 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі.
* 0,01 коэффициенті-төмендетілген жеңілдік тарифі. Сома прейскурантта белгіленген есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі. Яғни 0,01 коэффициенті тасымалдаушының прейскурантында көрсетілген жүктің санына көбейтіледі. Нәтиже-жеткізілімнің минималды есебі.
Мысалы, егер құрама жемі бар вагон Қостанай-Маңғыстау бағыты бойынша жіберілетін болса, стандартты тарифтер бойынша тасымалдау сомасы шамамен 420 мың теңгені құрайды. 0,01 төмендетілген жеңілдікті тарифпен есептеулер бойынша осы маршрут бойынша жеткізу сомасы шамамен 100 мың теңгені құрайды.