CaspianLife, 2 қыркүйек — Келесі аптада Атырауда газ өшіріледі. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» Атырау өндірістік филиалы хабарлады.
Берілген ақпаратта айтылғандай «Атырау» газ тарату станциясында (ГТС-1) жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен газ уақытша өшірілмек.
Осыған байланысты, 6-10 қыркүйек аралығында және 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында (сағат 8.00-ден бастап) Атырау қаласының сол жағалау бөлігінің тұтынушыларына газ беру уақытша тоқтатылады. Атап айтқанда, Элеватор ауданы, Вокзал маңы ш/а, Алмагүл ш/а, Елшібек ауылы, Бірінші учаске, СМП-136, СМП-163, Химипоселок, Восток ш/а, Центральный ш/а, С.Датов, М.Өтемісов көшелері, ТЭЦ ауданы, АМӨЗ ауданы, Атамбаев көшесі, Азаттық даңғылы, Тұрғын үй қалашығы, Сельстрой ш/а, Балықшы кенті, Ақжайық ауылы, Құрсай ауылы, Көкарна ш/а, Тасқала саяжай массивтері, Жаңаталап, Құрманғазы, Атырау, Дамба ауылдары.