CaspianLife, 24 тамыз — Айналма жолдың шаңын басу үшін су емес, мұнай қалдықтары төгілген. Жақында ғана әлеуметтік желі арқылы тараған бейнежазбаны жіті зерттеген экология департаментінің қызметкерлері осылай дейді.
Енді олар кологиялық кодекстің «жерді пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтамау» деген бабы бойынша материалдарды жинақтап, құқық қорғау органдарына жолдамақшы.
Еске сала кетсек, халықаралық Атырау-Астрахань трассасының Исатай ауданына қарасты аумағындағы айналма жолға құрамы күмән тудыратын сұйықтық төгілгендігі туралы ақпарат тараған болатын. Қазавтожол мекемесінің басшылығы мердігер компанияның бұл ісін Нарын, Бақсай каналдарындағы су мөлшерінің азаюына байланысты қажетті суды Таңдай ауылының тұсындағы шұңқырдан алуға тура келді деп түсіндірген болатын.