CaspianLife, 09 тамыз — «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының он финалисті «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығына ұсынылады. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы — бұл 1 миллион доллар жүлде қоры бар Нобель сыйлығының аналогы ретінде танымал Global Teacher Prize халықаралық жобасының бір бөлігі. Сыйлықты Варке қоры әлемдегі мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында тағайындаған.
«Қазақстан мұғалімі «ұлттық сыйлығы үшінші маусым өткізіліп келеді. Байқауға еліміздің кез келген өңірінен кемінде үш жыл үздіксіз еңбек өтілі бар педагогтар қатыса алады. Әрбір мұғалім өз өтінімдерін мектеп әкімшілігінің шешімінсіз немесе қатысуынсыз, бөлім немесе білім басқармасы немесе Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұсынымдарсыз бере отырып, осы жобаға өз бетінше қатыса алады.
Номинанттарды бағалау процесі атақты халықаралық аудиторлық компанияның бақылауымен жүзеге асырылады. Дауыс берудің екі кезеңінен кейін он финалист таңдалады.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының жеңімпазы 10 000 доллар ақшалай сыйлыққа ие болады, қалған тоғыз финалист жеке номинациялар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, барлық он финалист Global Teacher Prize сыйлығының іріктеу кезеңіне ұсынылады және өткен жағдайда әлемнің үздік мұғалімі атағы мен 1 миллион доллар сыйлығы үшін бәсекеге түсе алады.
Конкурсқа қатысу үшін Teacherprize.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Сауалнама 2021 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады. Конкурстың шарттары туралы толығырақ сол сайттан оқуға болады.