CaspianLife, 06 тамыз — Арыс қаласында фосфоры бар екі контейнер өртенді. Жақын маңдағы шағын ауданның тұрғындары эвакуациялануда. Арыс қаласында өрттің мән-жайы бойынша жедел желі ашылды.
Арыс тұрғындары пайда болған ақ түтіннен күдіктенген. Сол бойда WhatsApp желісі арқылы өрттің видеолары тарап, вагонда сары фосфордың болғандығы туралы да хабарлама жіберілген.
ТЖМ баспасөз қызметі де металл контейнерде сары фосфордың жанғанын растады.
«ҚТЖ» АҚ күшімен вагон поездан ағытылып, 30-шы жолға қойылған. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Өрт орнында өртті сөндіру бойынша штаб ұйымдастырылып, сағат кешкі 7-ден кете фосфордың жануын тоқтатқан», — деп хабарлады министрлік.
Түркістан облысының әкімдігі Арыс қаласында болған өрттің болжамды себебін атады.
Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін 4 эвакуациялық пункт дайындалыпты.
«Қазіргі таңда бүлінген теміржол платформасынан контейнерлерді түсіру жұмыстары жүргізілуде. Өрт 6 тамызда сағат 19.22-де ауыздықталып, 21:55-те сөндірілді», — деді өңір әкімдігіндегілер.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өрт жойылғаннан кейін ауа сынамасын алады. Өрттің болжамды себебі — резервуардың тесілуі нәтижесінде сары фосфордың өздігінен жануы.
Полиция департаменті 6 блокпост қойып, апат орындары мен елді мекеннің аумағын қоршап алған.