CaspianLife, 04 тамыз — Атырауда екі азамат 15 қабаттан лифт шахтасына құлап кетті. Нақтырақ айтқанда, қайғылы оқиға бүгін сағат таңертеңгілік 10 шамасында қаладағы ірі қонақ үй кешендерінің бірінде болды. Олар ғимараттағы жеделсатыны жөндеуге келген «Лифт Инвест» ЖШС-нің мамандары екен.
Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Мерт болған азамат мұндағы лифтті жөндеуге келген. Тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.
«1987 жылы туған науқас облыстық ауруханың жансақтау бөлімінде жатыр. Травматикалық шок, бірнеше сынықтар және жарақаттар алған. Қазір отаға дайындалуда. Операциядан кейін реанимация бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында болады», — деп жауап берді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Индира Мерекен.