CaspianLife, 02 тамыз — Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны онлайн форматта өтетіндігі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтықтан басталатыны туралы хабарлама таратуда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді. Бұл ақпарат дұрыс емес. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ», – делінген басылымда.
Баспасөз қызметі оқыту форматы туралы шешімді Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайтынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 28 мамырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық білім беру жүйесі онлайн-форматта тағы бір оқуға төтеп бере алмайтынын мәлімдеген болатын. 1 маусымда ЮНИСЕФ министрлікке оқу жылының басынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, барлық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына қайтаруды ұсынды.