CaspianLife, 13 шілде — Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады. Жарияланған ақпаратта ауа мониторингі 6-12 шілде аралығында жүргізілгені нақтыланады.
«Қазгидромет» РМК ресми сайтында хабарланғандай, аталған мерзімде (апта ішінде) Атырау қаласында шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 22 жағдайы тіркелген. Соның ішінде Сырдария көшесі ауданында ауа неғұрлым ластанған. Бұдан әрі экстремалды-жоғары (20 ШЖК астам) ластану жағдайлары бірде-бір қазақстандық МӨЗ-де тіркелмегені атап өтілді.
«Атырау қаласындағы атмосфералық ауаның жай — күйіне мониторинг бес бекетте жүргізіледі, оның ішінде үш автоматты бекет және екі сынаманы қолмен іріктеу бекеті бар», — деп хабарлады «Қазгидромет».