CaspianLife, 28 маусым — Полиция қызметкерлері 25 маусымда әлеуметтік желіде қарумен әскери формадағы суретін жариялаған жас жігітті ұстады. Әңгіме барысында ол 28 маусымда сағат 18:50-де елордада Триатлон паркінде «көңіл көтеруді» жоспарлап отқанын атап өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Әлихан Өмірзақов есімді жас жігіт «ВКонтакте» желісінде 800-ге жуық қатысушыдан тұратын ортақ топ құрған. Бекітілген хабарламада Өмірзақов адамдарды Нұр-Сұлтанда Триатлон паркінде өтетін жиынға келуге шақырған.
«102-арнаға қала тұрғынынан әлеуметтік желіде оның ұлына белгісіз адамның қару-жарақпен түскен суретін жіберіп елордада ертең көңілді болатынын жазғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта жарияланған жазбаның авторы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол 23 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Жас жігіттің айтуынша, ол страйкболмен әуестенеді және бұл постты «ВКонтакте» парақшасында жазылушылар санын арттыру мақсатында жариялаған», – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан ПД-да.
Бұл факті бойынша «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицияның хабарлауынша, суреттегі қару-жарақ страйкболде қолданылады.
Елорда тұрғындары аталған жағдайды Қазан қаласындағы Ильназ Галявиевтің оқиғасымен байланыстырды. Ол кезде әлеуметтік желіге жарияланған жазбаға ешкім мән бермеген болатын. Қайғылы жағдай орын алғаннан кейін ғана сондай жазбаның жарияланғаны белгілі болған еді.