CaspianLife, 23 маусым — 22 маусымда бірлескен кездесуде Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов пен Венгрия Мемлекеттік хатшысының орынбасары Андраш Барани елдер арасындағы вакцинация паспорттарын өзара тану туралы ауызша келісіммен алмасты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Сонымен, иммундау сертификаттары болған жағдайда екі елдің азаматтарына ПТР-тестін тапсырмай-ақ және карантиндік шараларды сақтамай елге кіруге рұқсат етіледі.
«Бұл шекараларды ашудың және Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңызды қадамдарының бірі. Осылайша, Венгрия Қазақстандық вакцинация сертификаттарын/паспорттарын мойындаған еуропалық одақтың алғашқы елі болды», — деп атап өтті министрлікте.
Өткен аптада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Моңғолия, Венгрия және Таиландпен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация паспорттарын өзара тану бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген болатын.