CaspianLife, 22 маусым — Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустың Үнді штаммы анықталуына байланысты карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, алайда Нұр-Сұлтанда Үнді штаммының тарап кету қаупі бар.
«Вирустың репродуктивті индексі 1-ге тең, бірақ біз әлемде және шекаралас елдерде жағдайдың қандай екенін көріп отырмыз. Яғни, коронавирустың жаңа штамдары тез таралады. Нұр-Сұлтанда скрининг жүргізілді, Цой оның нәтижесінде дельта штаммы бар екенін айтты. Осыған байланысты өңірлердің әкімдері жағдайды бақылауы тиіс. Ведомствоаралық комиссия отырыс өткізеді. Олар Нұр-Сұлтан қаласында және басқа да өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі шараларды қарайтын болады, — деді вице-премьер Тоғжанов Үкімет отырысында.
Елордада карантинді күшейту туралы шешім нақты. Себебі, премьер-министр тапсырма берді.