CaspianLife, 15 маусым — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Ұлттық қорының активтері туралы айтты.
«Бюджет процесінің маңызды құрамдас бөлігі Ұлттық қор болып табылады. Оның активтері ағымдағы жылдың 1 маусымында 27,6 триллион теңгені, оның ішінде валюта портфелі — 58,5 миллиард долларды құрады. Айта кету керек, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор 744 миллиард теңгеге өсті», — деді Ерұлан Жамаубаев халықпен өткен есептік кездесуінде.
Қаржы министрлігінің басшысы ведомство оның жинақтау функциясын күшейтуге бағытталған жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Мысалы, Бюджет кодексіне Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін кезең-кезеңімен қысқарту және контрциклдық бюджеттік ережені қолдану бойынша түзетулер енгізілген.
«Бұл шаралар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына және мұнайлық емес тапшылықтың біртіндеп төмендеуіне ықпал етеді», — деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.