CaspianLife, 15 маусым — Атырау облысына әкелінген Sputnik V вакцинасының екінші компонентінің 39 мың дозасы қоймада босқа тұр. Оған себеп — ресейлік вакцинаның сертификаты жоқ.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл тек біздің облыстағы емес, еліміздің барлық өңіріндегі жағдай деп отыр.
Жалпы вакцинация республикалық деңгейде шешілетін мәселе. Жеткізу болды, бірақ та, шыққан вакцина арнайы инстиуттармен бекітіліп, сертификатталу керек. Сертификатталау жұмысы созылып кетуіне байланысты осындай жағдай туындап отыр, — дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ербол Меңдіғалиев.
Өткен тәуліктерде Спутник V, «Qazvac» «Hayat—Vax» вакциналарының бірінші компонентін облыста жүз мыңдай адам алған. Ал, жалпы 1-ші ақпаннан бастап 66 мыңнан астам атыраулық COVID-19-ға қарсы екпе салдырыпты.