CaspianLife, 10 маусым — Полиция қызметкерлері Өзбекстанның Ангрен қаласындағы ондаған тұрғынның сақалын мәжбүрлеп қырғызған. Жергілікті БАҚ-тың мәлімдеуінше, Өзбекстандық полиция сақал өсіретін ер адамдарға тиісе бастаған.
«Мені 7 маусымда полиция бөлімшесіне шақырып, сақалымды қыруды бұйырды. Бөлімшеде тағы он шақты ер адам болды. Сақалымызды өз еркімізбен алмасақ, күштеп қырып тастайтындарын ескертті. Олар бізді сақалмен кейін алып тастаған соң екі рет суретке түсіріп алды», — деді Ангрен қаласы тұрғындарының бірі.
Оның сөзінше, полиция бөлімшесінде сақалын қыруға мәжбүр болған еркектердің бәрі намаз оқиды. Олар «полицейлерден сақал өсіруге болмайды» деген заңды көрсетуді талап еткен көрінеді.
Полиция бөлімшесіндегілер болса «Сендердің сақалдарың басқа еркектердің сақалына ұқсамайды. Сақалды алмасаңдар полицияға бағынбады деген айып тағамыз» деп жауап беріпті.
Соңғы жылдары Өзбекстанда сақал өсірген ер адамдарға қысым көрсету жағдайы жиілеп кеткен. Билік бұл шараны радикальды исламмен күрес деп отыр.