CaspianLife, 2 маусым — Маңғыстау облысының тұрғыны Бердімұрат Төрекенов өзінің фейсбук парақшасына өліп жатқан жылқылардың суретін жариялады. Оның айтуынша, мал қатты ыстық пен құрғақшылықтың құрбанына айналуда.
Жергілікті тұрғын ағымдағы жыл дұрыс жауын-шашын болмағанын жазды. Жайылым кеуіп қалған, соның кесірінен жылқыға жем жетіспей, оны тамақтандыратын ештеңе болмай отырған көрінеді.
«Жақында Ақшымырау ауылынан жайылымға бірнеше бақташы мал айдады. Жол бойында үш жылқы, кері жолда бес жылқы өлді. Құрғақшылықтың салдары ауыл шаруашылығының құлдырауына әкелуі мүмкін», — дейді ол.
Жазбаға пікір білдірушілер де онымен келісетіндерін жарыса жазуда. «Бұл мәселе қолға алынбаса, арты жақсылыққа апармайды», — дейді олар.