СaspianLife, 27 мамыр — Вакцина алмас бұрын және алғаннан кейін де антиденеге сынама тапсырудың қажеті жоқ. Себебі, денсаулық сақтау министрлігінің нұсқамасында антиденені анықтау міндетті емес делінген.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі алып-қашпа әңгімелер де шындыққа жанаспайды. Тек нақты дереккөздерге сенген жөн. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік өкілдерінен құралған арнайы түсіндіру тобы айтты. Жиынның ұйымдастырылуына Атырау облысының вакцина салдырушылар жағынан республика бойынша соңғы орында болуы себеп.
«Егер сіз ауырған болсаңыз жарты жылдан кейін вакцина ала аласыз. Вакцина салғаннан кейін антидене қанша уақытта қалыптасады деген сұрақ та болды. Ол бірінші, екінші компонентті алғаннан соң үш аптадан кейін қалыптасатын болады. Барлық азамат қай вакциананы алғысы келеді таңдау өзінде. Бірақ, жалпы вакцинаның бәрінің әсері бірдей», — дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
Айта кетейік, ақпаннан бастап өңірге 74 мыңдай доза вакцина келсе, оның 50 мыңнан астамы егілген. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің сөзінше, 31 мамыр күні облысқа 20 мыңнан астам «Спутник-В», 12 мыңға жуық «Каз-Вак» вакцинасы жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі: caspianlife.kz