СaspianLife, 27 мамыр — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменттің басқарма басшысы Марат Хайруллин қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін қанша максималды соманы ала алатындығын мәлімдеді.
«Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы күресте көмек қолын созған азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы беріледі», — деді Марат Хайруллин арнайы брифингте.
«Бүгінде, сыбайлас жемқорлық жолымен алған қаражаты немесе келтірілген залал сомасы 1 мың АЕК – тен (2 млн 917 мың теңге) аспаса, құқық бұзушылық фактісі жайлы мәлімдеген тұлғаға төленетін ақы (қылмыстың ауырлығына байланысты) 30-дан 100 АЕК – ке дейінгі соманы құрайды. Сыбайлас жемқорлық фактісі аталған сомадан артық болса – сыйақы 10% — ды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды, яғни 11 млн 668 мың теңге төленуі мүмкін. Бұрын көтермелеудің ең жоғары мөлшері 100 есептік көрсеткіштен, яғни 291 мың 700 теңгеден аспаған болатын», — деді Марат Хайруллин.
Айта кету керек, ынталандыруды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.