Маңғыстауда газ құю бекеттерінде тоқырау қайта басталды. Тапшылықтың салдарынан 60-65 теңгеге саудаланып келген сұйытылған отынның литрі , бірден 80-90 теңгеге шарықтап кетті. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, көп жерлерде қазір газ жоқ, бағасы қымбат болса да , шарасыздан сағаттап кезек күтуге мәжбүр.
Ал облыстың энергетика басқармасы Атырауға қол жайып отырғанда, ол өңірден бөлінетін газ , келмейтін болыпты. Содан тапшылық туындапты-мыс.
Бауыржан ЕРПАН, Маңғыстау облыстық Энергетика жане ТҮКШ басқармасының өкілі
— Негізгі себебі жетпей жатқан шыныменде «АтырауМұнайгаздан» әкелетін екі мың, үш мың тонна келіп тұратын еді. Жөндеу жұмыстарында тұрғанына орай бізде тапшылық байқалып жатыр. Оған қоса, автокөліктердің сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдаланатын көлемі де көбейіп жатыр.
Бауыржан Ерпанның сөзіне сенсек, күні кеше Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытынан 220 тоннадан аса дайын өнім жеткізіліп, он жеті газ құю бекетіне үлестіріліпті. Ал Жаңаөзендіктердің әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларына қарасаң, олар сұйытылған газға да, жанар-жағармайға да жарымай жатқандарын айтуда.