Ақтаудағы жалғыз жасанды мұз айдыны миллиондаған қарызы үшін жабылу мүмкін. Бұл қатаң карантиннің кесірі дейді, кәсіпкер.
Салдарынан көптеген кәсіп иелері зардап шегіп, шығынға батуда. Солардың қатарында Сергей Семенов та бар. Оған жалдау және несие бойынша 20 млн теңгеден астам қарыз жинақталды. Өзі де пандемияға байланысты кіріс бірден 70 пайызға төмендеп кетті дейді.
Сергей СЕМЕНОВ , кәсіпкер
Мұз айдыны күніне 35 000 теңгеге электр қуатын тұтынады. Біз барлық қарызды 3 немесе одан да көп ай ішінде жабамыз. Себебі, мұз айдынына келушілер 100% кіре алмайды. Егер адам саны 100 болса, біз мұзға 30 адамды ғана жібере аламыз.
Облыстық Бас санитардың қаулысына сәйкес, бұл мұз айдынының қызметіне тыйым салынып, рұқсат етілмеген бизнес тізіміне енгізілген еді. Жалға алушы банкротқа ұшырап қалмас үшін кәсіпкерлер палатасының араласуымен талапты жеңілдету туралы орталық аппаратқа хат жолдапты.
Рашит МҰСТАПАЕВ, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры
Эпидемиолог мамандармен келіссөздер жүргізу арқылы облыстың бас санитар дәрігері қаулысының тізіміне енгізіп, қайта ашылуына көмектеспекпіз. Бүгінде біздің өңір «жасыл аймақта» екенін ескере отырып, бизнес өкілдерімен кездесіп, Орталық аппаратқа талапты жеңілдету туралы хат дайындадық.
Каратиннің қатаң талаптарынан кейін кәсіпкер мұзды ерітіп, оны қайта іске қосу үшін қосымша шығындалды. Ол несиеге тағы 10 млн. теңгеден астам қаражат алған. Жалпы, өңірде бұдан бөлек мейрамхана қожайындары да қып-қызыл шығынға батып отыр.
Бақытжан Сатылханұлы