Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың 2 миллиард теңге қарызы кешірілді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, – деп жазады Sputnik Қазақстан.
Айта кетейік, салық рақымшылығын пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, салық рақымшылығын өз пайдасына шешкендер қатары еліміз бойынша 70 пайызға жетіп отыр, – деп хабарлады Астана арнасы.
Мемлекеттік кірістер комитеті аталмыш заң салық берешегі бар жеке тұлғалар үшін көмек ретінде енгізілгенін айтады.
«Салықтың негізгі сомасын төлесе, өсімпұл кешіріледі. Яғни азаматтарға жеңілдік жасалып отыр. Екіншіден салық бойынша берешегін құтылады. Сонымен қатар бұл салыққа қатысты жағдайды жақсартады», – дейді қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.