Атыраудағы жылы аялдамалар қаңғыбастардың паналайтын уақытша орнына айналған. Бүгінде олардың ішіндегі құрылғылар істеп тұрғанмен, қоғамдық орынға бас сұғу мүмкін емес. Себебі, қоқысқа толы қуықтай бөлмедегі жағымсыз иіс қолқаны қабады. Тіпті, кейбірінің есігі шытынап та үлгерген. Ал тұрғындар бұл көрініске көз үйренгенін жасырмады.
Жалпы, қазынаның қыруар қаржысына сатып алынған 19 жылы аялдаманың алтауы сенімгерлік басқаруға берілген. Олар таңғы 8-ден кешкі 9-ға дейін ашық болу қажет. Дегенмен іңір үйіріле салысымен қаңғыбастар бас сауғалайтын орынға айналып үлгерген.
ТКШ бөлімінің мамандары аялдамалардың барлығына күнделікті тексеріс жүргізілетінін айтады. Қандай да бір кемшіліктер байқаған жағдайда жауаптыларға ескерту жасалатын көрінеді.
Нұрсұлтан СӘБИТОВ, ТКШ бөлімінің бас маманы
Сенімгерлік басқармадағы аялдамаларға өздері жауап береді, қалған 13 аялдаманың тазалығына «Спецавтобазаның» мамандары тазалап, өздері жауап береді. Аялдамалар жалпы таңертең 8-де ашылады, кешкі тоғызда жабылады. Оның ашылып, жабылуы «Спецавтобазадағы» аялдамалар өздері қадағалайды, сенімгерлік басқармадағы өздері қадағалайды.
Түптеп келгенде, бұл көріністен кейін кімнің қалай қызмет ететіні анық көрінеді. Егер уақытылы тексеріс пен нәтижелі жұмыс атқарылса, әрқайсысы 14 миллионнан астам қаржыға алынған аялдамалар