Бұл сұрақтың жауабын испан аниматоры Альвароның қызықты үш ролигінен көруге болады. Ол өзінің MetaBallStudios YouTube каналында жер планетасындағы кей елдерді ғаламшарға айналдырған бейнесін жариялады.
Осылайша автор мемлекеттердің жер көлемі бойынша қаншалықты ерекшеленетінін байқауға болатынын көрсетті. Мысалы, ең кішкентай Ватикан мемлекеті диаметрі 400 метр болатын планетаға ұқсайды. Біздің елге келетін болсақ, Қазақстан диаметрі 931 шақырымды планетаға айналады. Бұл – Қазақстанның территориялық аумағы бойынша 9-орында болуының нәтижесі.
Малика Такежанова