Атырау, Caspian Life.
Атырау облысында 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік мамандар әзірлеген СПУТНИК V вакцинасы салына бастады. Бүгінге дейін өңірде аталған екпені 400 ден астам адам қабылдап үлгерген. Жалпы, облыстағы екпе жұмыстары үшін 1000 доза жеткізілген еді.
Нина ОСПАНОВА, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы
2 апқаннан бастап бізде ауданда тұратын медицина мамандарына екпе салына бастады. Бүгінгі күні ауданға 270 доза жеткізілді. Бүгінгі күні 4 ауданда 4 мұздатқыш бар, 4 ауданда вакцина сақтау орындары дайын.
Сонымен қатар, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарға 30 доза вакцина жеткізілді. Мамандардың айтуы бойынша, екпеден бас тартқандар немесе вакцинациядан кейін жағымсыз әсердің болғаны туралы ресми ақпарат тіркелмеген.
Мейрлан Марданов