Жардағы жазу жазаға соқтырды. 32 жастағы атыраулық әйелдің қабырғаға сурет салуға деген әуестігі оны үш жылға бас бостандығынан айыруы әбден мүмкін.
Теріс пиғылмен тас біткенге тіл бітіремін деп, тұзаққа түскен келіншек еселі еңбегі үшін 25 мың теңгеден алып отырған. Кейін оның қолымен от көсеушілер ақшаның орнына көкнәр беріп, ортақ келісімге келіпті. Екі аптада 100 шақты жазба қалдырған Гаухар есірткіні амалсыздан алғанын айтады.
Гаухар:
30 жазба үшін 25 мың теңге берді. Бірақ менің еңбекақымды көкнәрмен төледі. Бұған дейінде дәмін татып көргенім рас. Әрі барлық жұмысты істеп қойғасын алудан басқа амалым қалмады.
Гаухар — бұл істегі басты күдіктілердің бірі. Оның сөзінше, төлемнің орнына тауарды алуға тура келген. Өйткені ол есірткіні бұрын да қолданыпты. Абайсызда шалыс бастым деген жалғызбасты ана соттың әділ төрелігінен үмітті екенін жасырмады.
Гаухар:
Дәрігерге барудың еш қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Шыдауға болады. Оны қабылдаған кезімде апталап тамақ ішпестен, ұйқы көрместен жүретінмін. Қазір тәбетім де, ұйқым да қалпына келді. Мен өзімді тәуелдімін деп ойламаймын.
Ал мамандар болса қаңтар айынан бастап қызған есірткі саудасын бақылауда ұстап отырмыз дейді.
Жандос САДИРОВ, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі
Атырау қаласы қоғамдық орында және синтетикалық заттарды насихаттап жүргені жөнінде тексеріс кезінде расталып, ҚР кодексінің 299 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Телеграм арқылы жұмыстар арқылы өздерін нығайтады. Жалақымыз 200 мың деп, сол арқылы азаматтар шатасып сол жұмысқа кіріп кетеді.
КСМ: Әзірге екі күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Бүгінде мұндай жазбаның қалада 300-і анықталған. Дегенмен тәртіп сақшылары мұндай керітартпа әрекеттердің алдын алуға қала тұрғындардың да көмегі қажет екенін жеткізді.