«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Caspian Life.
«Өрлік ауылының мәселесі бойынша жол құрылысын биыл бастауды жоспарлап отырмыз. Қаржының мүмкіндігіне қарай биыл толық аяқтаймыз, немесе келесі жылға дейін созуымыз мүмкін» деп жауап берді аудан әкімі.
Биыл Өрлік ауылында құрылысы біткен спорт кешені тұрғындардың қолданысына берілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар үшін демалыс орындары, саябақ, көшелерді жарықтандыру жобалары жүзеге асатынын мәлімдеді.