«Атырау облысы бойынша вакцинацияның бірінші күні 135 адам COVID-19-ға қарсы екпе алды»,- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
55 адам № 3 қалалық емханада, 70 адам Геолог емханасында және 10 адам № 2 облыстық ауруханада екпе салдырды. Екпе алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінді. Денсаулықтары қалыпты. Жанама ешқандай әсері байқалған жоқ.
Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 24 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында халықты вакцинациялау үшін орындар жабдықталған. Оның 15 мемлекеттік ұйымдар, қалғаны — жеке меншік медициналық мекемелер.