Атырау, Caspian Life. Соңғы уақытта қабырғаларда пайда болған есірткі жарнамалары елді елең күйге салып қойды.
Ашық саудаға көшкен арамзалар тұрғын үй қабырғаларына сайт атауларын жазып кетуді әдетке айналдырған. Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мамандары мен еріктілер шыққан шарада осындай 162 жазба өшірілді.
Жандос САДИРОВ, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі
Көше бойларында немесе өзіңіз тұратын үй жайлардың қабырғаларында, подьездердің іштерінде есірткі жарнамалайтын сайттардың атауларын көрсеңіз міндетті түрде полиция инспекциясына хабарлаңыз. Есірткімен күресулеріңізді сұраймыз.
Жарқынай Қанатова